jasqazaq.kz

Шымкент: 62 тұрғын үйдің қасбеті жаңартылып жатыр

04 қыркүйек 2024, 14:11

Еліміздің үшінші мегаполисі — Шымкент қаласы ерекше сәулетімен көрікті. Жасыл желекке оранып, қызылды-жасылды гүлмен көмкерілген Шымшаһардың ғимараттарын жаңарту жағы да қала әкімдігі назарынан тыс қалған емес. Биыл Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасына сәйкес, қаланың басты көшелерін бірыңғай стильде дамыту мақсатында 62 көп қабатты тұрғын үйдің қасбетін жаңғырту қолға алынды.

Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 46 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті қазірдің өзінде ретке келтіріліп жатыр. Қалған 16 тұрғын үй бойынша мердігер мекемелер анықталып, оларға қажетті келісімшарттарды жасау жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Жұмыстардың жоғары сапамен және уақытында аяқталуын қамтамасыз ету жағын қадағалауды жауапты органдар өз мойнына алған.
Маңызды жоба қаладағы үш ауданның тұрғын үйлерін қамтиды. Атап айтқанда, Әл-Фараби ауданында — 32 көпқабатты тұрғын үй, Қаратау ауданында — 18 үй, ал Тұран ауданында — 12 үйдің қасбеті жаңартылады.

Қала инфрақұрылымын жақсартуды көздейтін бұл бастама тұрғындарға қолайлы орта құруға арналған кешенді жоспардың бір бөлігі. Жаңғырту бұрындары немесе кейінгі жылдары салынған ғимараттарды замануи етіп, көркіне көрік қосады. Әрі, мамандардың пікірінше, қала экологиясын жақсартуға септігін тигізеді. Өйткені ғимарат қасбеттерін жаңғыртуда энергия үнемдейтін материалдар пайдаланылады. Сонымен бірге үйлердің қауіпсіздік деңгейін де арттырады. Жаңғырту жұмыстары барысында ғимарат конструкцияларын бекітуге де мән беріледі. Бұдан басқа, эстетика мен дизайн жағы да сырт қалмайды. Жаңартылған қасбеттер Шымқаланың архитектуралық ансамблінің келбетін бұзбауы тиіс деген талап бар.

Айта кеткен жөн, қазіргі кезде бұл жоба қасбеті жаңғыртылатын үйлердің тұрғындарымен тығыз байланыста жүзеге асырылуда. Тұрғындар қажетті материалдар мен түсін таңдауға белсене араласып, өз таңдауын ұсыну мүмкіндігін иеленді.

Сондай-ақ қала әкімдігі тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл ең алдымен ғимарат қасбетін жаңғыртумен байланысты уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауын, сондай-ақ жүріп-тұруда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет.
Жоспар бойынша, қасбеттерді жаңғырту жобасы биылғы жылдың соңында аяқталуы тиіс. Сөйтіп жаңа жыл қарсаңында Шымкент қаласының бет-бейнесі жаңғырып, одан сайын көркейіп, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсратуға арналған тағы бір қадам болмақ.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі