jasqazaq.kz

Шымкент: 60 мыңға жуық адам орталықтандырылған кәрізге қосылады

30 сәуiр 2023, 10:55

Қазіргі таңда Шымкенттегі 81 шағын ауданның 24-і немесе 713,5 мың адам кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген.

Шымкент қаласында жыл соңына дейін Мирас, Шапағат-2, Тассай, Тұран (ішкі жүйе), Қайтпас-2, 112 орам, Бозарық елді мекендеріндегі кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталады. Нәтижесінде 60 мыңға жуық адам орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады.

Бұл туралы Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Арман Әбдіқалықов мәлімдеді.

— Қазіргі таңда Шымкенттегі 81 шағын ауданның 24-і немесе 713,5 мың адам кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген. Қалған 57 шағын аудан кәрізбен қамтылмаған. 2023 жылы 11 нысанның құрылыс жұмыстарына бюджеттен 4,8 миллиард теңге бөлінді. Оның ішінде 2 магистральды кәріз коллекторының және 9 ішкі орамдық жүйенің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Биыл жыл қорытындысымен 6 нысанның, атап айтқанда, Мирас, Шапағат-2, Тассай, Тұран (ішкі жүйе), Қайтпас-2, 112 орам, Бозарық секілді елді мекендердің құрылыс жұмыстары аяқталады деп күтілуде. Нәтижесінде 60 мыңға жуық адам орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Бұл қамту көрсеткішін 60 пайыздан 75 пайызға дейін өсіруге мүмкіндік береді, – деді басқарма басшысының орынбасары.

Бүгінде 18 мыңға жуық халқы бар Нұртас шағын ауданын орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу үшін жалпы ұзындығы 62,6 шақырым құбыр жүргізіліп жатыр. Мердігер компания «Тараз Строй – 2004» бүгінде жұмыстың 35 пайызын атқарып үлгеріпті. нысан құрылысының жұмысына 50 маман және 10 арнайы техника тартылған.

Айта кетейік, биыл Шымкент қаласында жылу жүйелерін жөндеу және жаңарту жұмыстары 4 нысан бойынша жалғасын табады. Жалпы Шымкент қаласы бойынша барлығы 824 шақырымға жуық жылу желілері құбыры бар. Оның 152 шақырым магистральдық жылу желісі болса, 672 шақырымға жуығы ішкі орам жылу желісі. Сонымен қатар, «Қуатжылуорталық-3» кәсіпорынның жылу желілерінде 23 бірлік қазандық пен 17 бірлік сорғы станциясы орналасқан.

Өткен 2022 жылы Шымкент қаласында жылу жүйелерінің 50 учаскісінде ішкі орамдық ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді Бұл жылу желісінің тозуын 38,2 пайыздан 37,3 пайызға дейін төмендетуге, сондай-ақ, тұтынушыларға берілетін жылу энергиясының сапасын арттыруға мүмкіндік берді.

Мерей Әлімбек

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура