jasqazaq.kz

Шымкент: 500 отбасына «Рамазан қоржыны» үлестірілді

31 наурыз 2023, 12:31

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы Шымкент өкілдігі қала әкімдігімен бірлесе «Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясы ұйымдастырды. Ізгілік акциясы аясында қаланың орталық мешіті – Ақмешітте әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеті үлестірілді.

–Рамазан – мейірімділік пен қайырымдылық айы. ҚМДБ -ның бес бағытының бірі де осы – қайырымдылық. Жылдағы дәстүр бойынша қасиетті ай басталғаннан осындай қайырлы істі қолға алып отырмыз. Бүгін Шымкент қаласының әкімдігімен бірлесе 500 отбасыға ауызашар үшін азық-түлік себетін үлестіріп жатырмыз. Одан бөлек, күн сайын қаладағы 40 мешітте кәсіпкерлердің қолдауымен тұрғындарға ауызашар ұйымдастырылуда. Осындай ізгі іске қолдау білдірген демеушілер мен мешіт имамдарына алғыс айтамын, — деді қаланың бас имамы Бақдәулет Әбдірахманов.

Бүгінгі рамазан қоржыны екі қораптан тұрады. Бірінде күнделікті тұрмыста қолданатын қант, пісте майы, күріш, макарон өнімдері және ұн болса, екіншісінде ауызашар үшін құрма, қант, тары, құрғақ шәй секілді азық-түліктер бар. Бүгінгі қайырымдылық акциясына қатысқан Абай ауданының тұрғыны, көпбалалы ана Тұрсынай Жұманова игі бастаманы ұйымдастырған қала әкімдігі мен мешіт имамдарына өз алғысын жеткізді.

–Бүгін алғаш рет мешітке келіп осындай ауызашар себетін алып отырмыз. Рамазан айында халыққа азық-түлік таратуды ұйымдастырған қала әкімдігіне, мешіт имамдары мен жомарт кәсіпкерлерге көп рақмет, — деді көпбалалы ана.

Қасиетті Рамазан айы басталғалы «Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясы 5 ауданның орталық мешітінде күн сайын ұйымдастырылып, 500 отбасына азық-түлік себеттері таратылып жатыр. Мұндай қайырымдылық іс-шарасы ай соңына дейін жалғасады. Қаланың бас имамы осылайша ай соңына дейін 15 мыңға жуық отбасы ауызашар себетімен қамтылады деп отыр.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта