jasqazaq.kz

Шүменовке Қазақстан аумағында спортпен айналысуға тыйым салына ма?

25 шiлде 2023, 13:20

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Үкімет отырысынан кейін кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовтің айналасындағы шуға қатысты түсінік берді.

«Шүменов туралы мынаны айтамын, қазір құқық қорғау органдары айналысып жатыр. Ішкі істер министрлігі пікір білдіріп те қойды. Ресми қорытындыдан кейін қосымша түсінік білдіре аламыз. Ол іс қазір құқықтық алаңда қаралып жатыр. Осыған байланысты бірнеше баспасөз хабарламасы да шықты», — деді Асхат Оралов.
Ведомство басшысы заң алдында бүкіл қазақстандықтың құқығы мен міндеті бірдей екенін еске салды.
«Бұл – құқықтық алаң, әр адам кәсібіне, қызметіне қарамастан, өз сөзі мен әрекеті үшін жауап береді, оның үстіне жеке өмірі болса. Сондықтан ол өз әрекеті үшін құқықтық алаңда жауап береді», — деді министр.
«Бейбіт Шүменовке осы жағдайдан кейін Қазақстан аумағында спортпен айналысуға тыйым салына ма?», — деп сұрады журналист.
Асхат Оралов қазір бұл іспен құқық қорғау органдары айналысып жатқандықтан әзірге киліге алмайтындарын айтты.
«Құқық қорғау орандарының жұмысынан кейін, қорытындысы шыққаннан кейін пікір білдірейік. Соттың тиісті шешімі шығады, содан кейін ғана түсінік бере аламын. Қазір біз киліге алмаймыз», — деді министр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі