jasqazaq.kz

Шведюк не үшін сотталды?

22 желтоқсан 2016, 20:26

Орал қалалық сотының үкімімен Өзбекстан азаматтарының Ресей аумағына өтуін заңсыз ұйымдастырған И.Шведюк ҚР ҚК 394-бабы 2-бөліміне сәйкес айыпты деп танылып, оның екі жылға бас бостандығы шектелді.

ҚазАқпарат хабарлағандай, БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған тұрғын тергеу барысында анықталмаған адамдармен сөз байласып, биылғы 18 сәуір күні Өзбекстан азаматтары Т.Иноятов, З.Тәжібаева, Т.Ергашев, Ш.Тошмирзоев және А.Усмоновты Зеленов ауданындағы Қазақстан шекарасына дейін жеткізген. Содан кейін Қазақстан азаматтары И.Ермешев пен М.Дьяконов аталған адамдарды Орынбор облысы Первомай ауданына шекара арқылы өткізген. Алайда 19 сәуір күні олардың барлығы Ресей федеральдық қауіпсіздік қызметі шекара жасағы қызметкерлерінің қолына түскен. Сот үкім шығарған кезде И.Шведюктің орта дәрежелі деп бағаланған қылмысқа бірінші рет барғандығын ескерді. Сот үкімі заңды күшіне енді.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде