
Петропавл полицейлері 43 жастағы есірткі тасымалдаушыны ұстады. Ол есірткіні Шудан пошта арқылы алдыртыпты.
Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлап отыр. Күдіктінің Уәлиханов көшесінде орналасқан пәтерінен 16 келі кептірілген марихуана мен 500 грамм гашиш табылған. Сондай-ақ қылмыстық әрекетті айғақтайтын басқа да заттар тәркіленген.
ІІД хабарлауынша, есірткі өнімдерін 43 жастағы азаматша Жамбыл облысы Шу ауданынан пошта қызметі арқылы алдырған.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлімі (есірткі өнімдерін ірі көлемде заңсыз дайындау, тасымалдау, сақтау) негізінде, сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталды.
Кінәсі дәлелденген жағдайда ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ұсталған адам қазір тергеу изоляторында тұтқында отыр.

WhatsApp: +7 705 717 9113



