jasqazaq.kz

Шудағы жүкті әйелдің өлімі: Аурухананың бас дәрігері қызметінен шеттетілді

02 сәуiр 2025, 11:43
Фото: ДСМ

Фото: ДСМ

Денсаулық сақтау министрлігінің комиссиясы Шу аудандық ауруханасында жүкті әйелдің қайтыс болу фактісі бойынша тексеріс жүргізеді.

inform.kz хабарлағандай, Жамбыл облысы Шу ауданындағы ана өлімі фактісі бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Шу ауданының емханасы мен ауданаралық орталық ауруханасына қатысты тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, тексеруді бастады.

— Тексеру жүргізу кезеңінде Шу ауданының ауданаралық орталық ауруханасының бас дәрігері мен перзентхана бөлімшесінің меңгерушісі атқаратын лауазымдарынан шеттетілді. Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Е. Мұсабаев тәртіптік жауапкершілікке тартылып, қатаң сөгіс шығарылды. Медициналық көмек көрсетудің стандарттары мен қағидаларын бұзуға жол берген басқа адамдарға қатысты да жұмыстан шығаруға дейін тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданатын болады, — делінген ведомство хабарламасында.

Денсаулық сақтау министрі Жамбыл облысының әкімімен өңірлік босандыру қызметі жұмысының сапасын жақсарту жөніндегі іс-қимыл жоспарын талқылады. Жамбыл облысында медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында ведомство басшысы Тараз қаласында вице-министр Е.Нұрлыбаевтың төрағалығымен ана мен бала денсаулығын сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің көшпелі отырысын өткізуді тапсырды, оның шеңберінде медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту бойынша жедел шаралар әзірлеу жоспардар бар.

Денсаулық сақтау министрлігінің комиссиясы медициналық көмек көрсету стандарттарын бұзушылықтарды жою мақсатында Жамбыл облысының барлық босандыру ұйымдарына мониторинг жүргізуге бастамашылық жасады.

Бұдан басқа, Шу көпбейінді орталық ауруханасының перзентхана бөлімшесінің төсектерін акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді өңірлендірудің II деңгейіне сәйкес келетін аудандық орталық аурухана деңгейіне ауыстыру жоспарланып жатыр.

 

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды