jasqazaq.kz

Шуда есірткінің үлкен партиясы бар екі адам ұсталды (Видео)

11 қазан 2024, 11:02

ІМ есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл қызметкерлері “Қарасора” операциясы барысында Жамбыл облысы Шу ауданының құмды аймағында қарасора жинаумен айналысқан екі ер адамды ұстады.

Polisia.kz хабарлағандай, күдіктілерден 500 кг-ға жуық кептірілген каннабис бұталары мен 9 кг кептірілген марихуана тәркіленді.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.
“Қарасора” операциясының төрт айында ішкі істер органдары 1315 есірткі қылмысын анықтады. Заңсыз айналымнан 17 тоннадан астам есірткі тәркіленді. Қызылорда, Алматы, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарында Ұлттық ұланның тікұшақтарымен барлау жүргізілді. Онда 25 есірткі егісі анықталды. Жалпы салмағы 2,5 тонна болатын 15 мыңнан астам қарасора бұталары жойылды. 11 күдікті ұсталып, қамауға алынды.
– Полиция азаматтарды күдікті әрекеттер туралы хабарлауға шақырады, – деді Қуандық Әлжанов.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі