jasqazaq.kz

Шомылу маусымының 9 күнінде 5 адам суға кеткен

09 маусым 2025, 16:40

Қазақстанда шомылу маусымы басталғаннан бері 5 адам суға кеткен. Оның біреуі жасөспірім. Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің басқарма бастығы Талғат Жамбауов осындай дерек келтірді.

— Шомылу маусымы басталған 1 маусымнан бері 5 адам тыйым салынған жерде суға батып кетті. Жалпы суға батудың 95 пайызы тыйым салынған жерде тіркеледі. Аталған 5 адамның біреуі 15 жастағы жасөспірім. Ол оқиға Астана қаласында тіркелді. Бұл 1 маусымнан бергі статистика. Ал жыл басынан бері 19 адам суға кеткен. Оның жетеуі бала, — деді ол баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, шомылуға рұқсат етілмеген жерге шомылған азамат та, шомылу ұйымдастырған адамдар да жауапкершілікке тартылады.

— Рұқсат етілмеген жерде шомылған азаматтарға Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 412-бабы бойынша 7 айлық есептік көрсеткіш (27 524теңге — ред) мөлшерінде айыппұл салынады. Ал жабдықталмаған орында шомылу ұйымдастырған су айдынының иесінің үстінен қылмыстық іс қозғалады. Оның жазасын Ішкі істер министрлігі саралайды, — деді Талғат Жамбауов.

 

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы