jasqazaq.kz

Шоколадқа есірткі жасырған

25 шiлде 2023, 17:26


Қостанай облысындағы «Қайрақ» шекара бекетінде ресейліктен Kinder шоколадына тығылған есірткі тәркіленді. Облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Қарабалық аудандық полиция қызметкерлері және Қостанай облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері «Қарасора 2023» жедел алдын алу шарасы аясында ресейліктен есірткі заттарын тәркіледі. Ол марихуананы шекарадан «Kinder сюрприз» шоколадына салып өткізбек болған.
«Ресейге қарай шекараны кесіп өткен жолаушыны тексеру кезінде қызметтік-іздестіру иті есірткінің иісін сезді. «Сізде тыйым салынған заттар бар ма?» деген сұраққа ер адам «иә» деп жауап берді. Есірткі заттары қайда тұрғанын сұрағанда, ол ішінде үш грамм марихуана болған «Kinder тосын сыйын» берді», — деді облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов.
Қазіргі уақытта екі бап – ҚР ҚК 286 «Контрабанда әрекеті», сондай-ақ ҚР ҚК 296-бабы «Есірткі құралдарын сақтау» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қарасора» жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері полицейлер заңсыз айналымнан 10 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркілеген.

JQ-Aqparat

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі