jasqazaq.kz

ШҚО-да полиция есірткі сататын интернет-дүкенді жойды (Видео)

16 қазан 2024, 11:09

Марихуана мен гашиш сату үшін есірткі дүкенін ұйымдастырған ер адам ұсталды. Оның жер үйін тінту барысында есірткі зертханасы мен құны 20 млн теңге болатын “тауар” тәркіленді.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс прокуратурасымен бірлесіп Өскемен қаласының 32 жастағы тұрғынын ұстады. Ол өзі өсірген марихуана мен гашишті сату үшін танымал мессенджерлердің бірінде веб-сайт пен парақша құрған. Есірткі сатылымын жасырын орындар арқылы жүзеге асырып отырған: төлемді алғаннан кейін күдікті тауарды алдын ала келісілген орындарға қалдырған.

Оның жер үйін тінту барысында полицейлер есірткінің әртүрлі түрлерін өсіруге арналған зертхананы анықтады. Жедел уәкілдер қара нарықта құны 20 миллион теңгеден асатын 1 келіден астам есірткі тәркіледі. Сондай-ақ полицейлер оның заңсыз әрекеттерге қатысы барын дәлелдейтін таразылар, орайтын материалдар мен электронды құрылғыларды тапты. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жыл басынан бері шығысқазақстандық полицейлер өңірге есірткі тасымалдайтын 6 ірі арнаның жолын кесіп, 6 есірткі зертханасын таратып, айналымнан 250 келіден астам есірткіні, оның ішінде 6 келіден астам синтетикалық заттарды тәркілегенін айта кету керек.

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі