jasqazaq.kz

ШҚО-да 102 үлескерден 1,8 миллиард теңге жымқырған құрылыс компанияның топ-менеджерлері қамауға алынды

05 қантар 2025, 9:32

Сурет: ҚМА

ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті құрылыс компаниясының топ менеджерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне тоқтау салған. Олар көппәтерлі тұрғын үй кешенін саламыз деген желеумен 1,8 млрд теңге қаражат жымқырған, деп хабарлайды jasqazaq.kz ҚМА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өскемен қаласында екі күдікті 102 азаматты алдап, құрылысқа үлескер ретінде қатысуға жалған келісімшарттар жасағандары анықталды.

«Іс жүзінде тұрғын үй нысанының құрылысы созбалаңға түскен. Мерзімдері бірнеше мәрте ұзартылғанымен, көппәтерлі үй кешенінің құрылысы аяқталмаған. Компаниялар заң талаптарын бұзғанын және үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат құжаттары болмаған», — делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда күдіктілер соттың санкциясымен ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдарын жүргізу барысында күдіктілердің 2,3 млрд теңге мүлкіне тыйым салынды. Зардап шеккен азаматтарға қаражаттарын қайтару жұмысы жүргізілуде.

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі