jasqazaq.kz

ШҚО: 10 млн теңге тұратын вейп тәркіленді (Видео)

19 қараша 2024, 10:59

Риддерде жедел уәкілдер 900-ден астам электронды өнімді сатпақ болған күдіктілерді ұстады. Polisia.kz. хабарлағандай, 21 жастағы күдіктіні полиция қызметкерлері тыйым салынған тауарды жергілікті тұрғынға сату кезінде ұстаған.

Риддер тұрғыны қойма ретінде пайдаланған ғимараттан шамамен 10 миллион теңге тұратын 916 электронды темекі тәркіленді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті тауарды мессенджер арқылы сатып алып, кейіннен өзі сатуды көздеген. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұл құқық бұзушылық үшін күдіктіге 200 АЕК-ке дейін айыппұл, дәл сол мөлшерде түзеу жұмыстары мен 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе 50 тәулікке дейін қамау жазасы тағайындалуы мүмкін. Айта кетейік, биылғы 20 маусымнан бастап заң күшіне енгеннен кейін Шығыс Қазақстан облысының полицейлері 2200-ден астам вейп, 540-тан астам хош иістендіргіш пен сұйықтық, 54 темекі өнімі, 240 картридж және 56 буландырғыш тәркіледі. Заң күшіне енгеннен бастап 11 қылмыстық іс тіркеліп, 4 іс бойынша айыптау үкімі шықты. Кінәлілерге жалпы сомасы 150 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі