jasqazaq.kz

Шетелдіктерді «азаматтық алып беремін» деп алдаған азамат ұсталды

23 желтоқсан 2023, 11:25


Астана тұрғыны шетелдіктерге Қазақстан азаматтығын алып беремін деп жалған уәде берген. Полицияға алаяқтық іс-әрекеттердің құрбаны болғанын айтып Қытай Халық Республикасының екі азаматы жүгінген, деп хабарлайды polisia.kz.
Есіл ауданы полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы қала тұрғынын анықтады.
Тергеу барысында ер адам жәбірленушілерге әлеуметтік желі арқылы Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға көмегін ұсынғаны белгілі болды. Ол ХҚКО-да жақын танысының істейтінін айтып, құжатты қысқа мерзімде алуға көмектесемін деп уәде берген. Осылайша, күдікті көрсеткен қызметі үшін жәбірленушілерден 70-140 мың теңге аралығында ақша алған. Кейін ер адам байланысқа шықпаған, құжатты уәде етілген мерзімде ұсынбаған.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамның қала аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі