jasqazaq.kz

Шетелдік компанияға жұмысқа тұрған алматылық айыппұл төлеуге міндеттелді

14 ақпан 2019, 12:12

Бәсекелес компаниялар арасында жұмыс ауыстыратын болсаңыз, миллиондаған айыппұл төлеуіңізге тура келеді. Алматы тұрғыны Арман Дүйсенғазин жұмыс орнынан өз еркімен кетіп, шетелдік компанияға жұмысқа тұрған. Кезінде амалсыздан қол қоюға мәжбүр болған келісімшарт жаңа жұмысқа жайлануға кедергі келтіруде. Арман Дүйсенғазиннің айтуынша, компанияға ол басқа қаладан арнайы шақыртылған. Жұмыс бірден басталып, бірақ тұрмыстық түйткілдер шешіле қоймаған. Жұмыс беруші бәсекелестік жөнінде келісімшартқа қол қоюды талап еткен кезде тығырыққа тірелген. Ол құжатта егер жұмыстан шығып кетсе немесе басқа компанияға ауысатын болса 5000 мың айлық есептік көрсеткіш айыппұл төлеуі тиіс. Бұл – 12 млн теңгеден астам қаржы. Бұл туралы Хабар 24 теларнасы хабарлады.

Арман Дүйсенғазин, шағымданушы:

– Бізде 2 таңдау болды: келісімшартқа қол қою немесе жұмыстан шығу. Мен қол қоюға мәжбүр болдым. Себебі жалдамалы пәтерде тұрамын. Екі қызымның балабақшасының төлемақысы бар. Күнделікті тұрмыстық шығындар да жеткілікті. Енді Арман басқа компанияға жұмысқа ауысқан кезде бұрынғы жұмыс беруші сотқа арыз түсірген. Қанша дәйектемелер айтқанымен, Арман айыппұл төлеуге міндетті болып табылды. Сот шешімі осындай.

Сара Каракузиева, судья:

– Дүйсенғазин, сіз бұл талаптан бас тарта алар ма едіңіз. Әрине жоқ. Сіз қол қойдыңыз да, жұмысыңызды жалғастыра бердіңіз. Әрі қарай дауласпадыңыз. Сізден компания айыппұл төлеуді талап еткеннен кейін ғана шағымдандыңыз. Әйтпесе, сіз дауласпай әрі қарай келісе берер едіңіз. Бұл жерде сот кіріптарлық мәмілесін қарастырған жоқ. Бұл алдау емес.

Андрей Салюлев, Арман Дүйсенғазинның өкілі:

– Біз сот шешімімен келіспейміз. Алматы қалалық сотына шағымданамыз. Заңда бәсекелестікке ешкім тыйым салмайды. Ал келісімшарттың осы тармағы қайшы келіп отыр. Біз сенімхат берушінің сол кездегі жағдайына байланысты қол қоюға мәжбүр болғанын айтсақ та сот оны ескерген жоқ.

Арман Дүйсенғазин жақында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен хат алды. Онда «егер бәсекелестік туралы келісім Ата заңмен бекітілген әр азаматтың жұмыс пен мамандығын еркін таңдауына шек қоятын болса, онда мұндай құжатты сот жарамсыз деп тануы тиіс делінген. Сондай-ақ министрлік қызметкер өзінің іс-әрекетімен жұмыс берушіге зиян келтірмеуі керектігін айтқан. Ал Арман Дүйсенғазиннің айтуынша, бұрынғы жұмыс берушіге ешқандай зиян келмеген. Енді бұл даудың ақ қарасын апелляциялық сот анықтауы тиіс.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде