jasqazaq.kz

Шетелдік басылым: Головкин кейбір боксшылардан қашып жүр

08 маусым 2017, 12:27

Жас боксшылардың ішінде Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен Сауль Альвареске (49-1-1, 34 КО) төтеп бере алатын спортшылар бар.

Fighthype.com сайты ондай боксшылардың қатарынан Джермалл Чарло (25-0, 19 КО), Эрисланди Лара (24-2-2, 14 КО), Деметриус Андраде (24-0, 16 КО) мен Джермелл Чарлоны (29-0, 14 КО) көріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Джермалл Чарло 160 фунтқа (72,57 кг) ауысты. Оның ағасы, Андраде мен Лара да осы салмаққа ауысуға дайын. Олардың әрбіреуі өз мүмкіндігін қалт жібермеуге тырысады. Төртеуі де жылдың аяғына дейін Головкин-Альварес жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесуге әзір. Бұлардың барлығы — дарынды боксшылар, жеңісті қолдан бере салмайды. Алайда Головкин де, Альварес те оларға мән беріп жатқан жоқ. Иә, жас боксшыларға қарсы шыққан қауіпті. Сосын гонорар да аздау болады. Мәселен, «Канело» 154 (69,85) фунтта бокстасып жүргенде Андраде мен ағайынды Чарлолар жайында бірде-бір сөз айтпады. Головкин мен Альварес кәсіби бокстың алауын өздері ұстағысы келеді», — деп жазды Fighthype.com. Айта кетейік, мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя GGG-ге қарсы алдағы жекпе-жекті бір рет емес, екі рет реваншпен қайта өткізуге болатынын айтып отыр. Сөйтіп, Головкин — Альварес жекпе-жегін трилогияға дейін жалғастыруға болады.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде