jasqazaq.kz

Шетелден әкелінетін жеміс-жидек зиянды

16 ақпан 2017, 10:21

Еліміздегі базарларға сырттан келетін жеміс-жидектер мен көкөністер адам ағзасына өте қауіпті. Олардың құрамындағы пестицидтердің мөлшері бақылауға алынбай отыр. Бұл пікірді «Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсының пікірталас клубының отырысында биология ғылымының докторы, академик Абай Сағитов айтты.

Tengrinews.kz хабарлағандай, «көптеген фермерлер көкөніс өсіруде пестицидтерді қалай қолдану керектігін білмейді. Осы арқылы олар қоршаған ортаға экологиялық қауіп-қатер төндіріп отыр. Біздің базарларымыз контрабандалық жолмен келген, пестицидтері шамадан тыс көп жеміс-жидектерге толы. Олардың ешқайсысы бізде тіркелмеген. Мұны біздің құқық қорғау оргадары мен қоғамдық ұйымдар бақылауға алса деймін. Пестицидке толы жеміс-жидектердің жолын кесуіміз керек. Кішкентай ғана сарайдың ішінде пестицид өндіріп, олар қазіргі уақытта миллиардерге айналып үлгерді. Сол сарайдағы өнімдерін фермерлерге сатып, адам ағзасын улап отыр. Біз неге осыны ескермейміз?», — деді Сағитов.

Спикердің айтуынша, қазіргі кезде нарықтағы өнімдердің құрамындағы пестицидтердің мөлшері 10 еседен асып түскен. «Бұл химикаттардың адам геніне әсер ететінін көбісі ескере бермейді. Оның нәтижесінде тұқым қуалайтын түрлі аурулар пайда болады. Өткен жылы химикаттардың адам ағзасына әсері туралы сараптама жүргіздік. Сараптама қорытындысы менің сөзімді толығымен дәлелдейді. Ет, сүт, көкөністердің құрамындағы пестицидтер 10 есеге дейін артық шығып отыр. Сіз бен бізді тонағаны аздай, шетелден келетін бұл өнімдер біздің денсаулығымызды әлсіретіп бара жатыр. Біз қандай тамақ ішіп отырғанымызға мән бермейміз. Тіпті, құлпынайдың құрамындағы пестицидтердің шамадан тыс болғанын көріп таңғалдым. Бізде бақылаудың жоқтығынан осындай көлеңкелі жолмен пайда көріп, халық денсаулығына зиянын тигізіп отырғандар өте көп», — деп атап өтті ол.

Айта өтейік, пікірталас алаңнын ұйымдастырған «Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсының президенті Азаматхан Әміртай адам ағзасына қауіпті өнімдерді анықтау үшін және оларды көпшілік назарына жеткізу мақсатында альянстың отырысын ай сайын өткізбек болып отыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде