jasqazaq.kz

Шетелден есірткіге тапсырыс берген азамат сотталды

20 қантар 2024, 13:55


АҚШ-тан есірткіге тапсырыс берген Қазақстан азаматы 10 жыл 6 айға сотталды. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 2023 жылдың соңында алқабилер ірі көлемдегі есірткі контрабандасымен айналысқан азамат А.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды.
Үкім бойынша кінәлі тұлға сот үкімімен 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Мемлекеттік айыптаушы сотқа айыпкердің АҚШ-тан халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы ішіне есірткі салынған балалардың ойыншықтарына тапсырыс бергені және алғаны туралы бұлтартпас дәлелдер келтірді. Есірткі Қазақстан аумағында сату және одан материалдық пайда табу мақсатында алынып келінген. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
«Өткен жылдан бастап алқабилердің қатысуымен қаралатын аса ауыр қылмыстық істердің тізбесі кеңейтілді. Олардың қатарына есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстық құқықбұзушылықтар да енді», — делінген баспасөз-баянында.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі