jasqazaq.kz

Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық

29 тамыз 2025, 19:32

АҚШ президенті Дональд Трамп мөлшері 5 млрд долларға жуықтайтын шетелдік көмекті тоқтатып, бюджет шығынын азайтпақшы.
New York Post интернет – порталы The Post басылымына сілтеме жасай отырып хабарлағандай, Ақ үй қожайыны бітімгерлік операцияларға да қаржы көлемін кемітуді көздеп отыр. Конгресті бұл жөнінде хабардар еткен Трамп елде 48 жылдан бері қолданылмаған «Қалтаны босату» (pocket rescission) тәсіліне жүгінді. Оның мәнісі мынада. Президенттік сұрау Конгреске қаржы жылы (биыл 30 қыркүйекте) тура аяқталар тұста жолданады. Сол себепті Конгрес қандай шешім қабылдайтынына қарамастан, ол міндетті түрде орындалады.
Қазынаға қайтқан әлгі 5 миллиардтың елеулі бөлігі (3,2 млрд доллар) әлемнің түкпір-түкпіріндегі шетелдік қаржымен жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарды, журналистер мен блогерлерді жарылқап келген USAID-тің қоржынына түсуі тиіс екен.
Тамп осы ұйымды кейбір елдерде ақшаны ЛГБТ-ны насихаттау сияқты түкке керексіз жобаларға жұмсады» деп айыптап, жыл басында жауып тастады. Сол кезде ақпарат құралдары сырттан грант алатын белсенділер мен тілшілердің елімізде баршылық екенін жазған болатын.
Jas Qazaq

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді