jasqazaq.kz

Шетелде дін оқып жүргендерді қайтарып жатыр

25 қараша 2016, 12:52

snimok

Шетелдегі діни жоғары оқу орындарында білім алған студенттер Қазақстанға қайтып жатыр.

Tengrinews.kz хабарлағандай, прокуратура өкілдері қазіргі уақытта облыстың 25 тұрғынының шетелдегі діни жоғары оқу орындарында және дінге деген көзқарасы өзгеше және дәстүрлі емес оқу орындарында білім алып жатқанын айтты.

«Жастар және дін» жобасын жүзеге асырудың аясында елімізге шетелде оқып келген 11 студент қайтарылды. Олардың кейбіреулеріне теологиялық оқу орындарында білім алуға мүмкіндік берілсе, басқалары жұмыспен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, прокуратурадағылар сотталғандармен қалай жұмыс істеп жатқандарын айтты. «Соңғы үш жылда бұрынғы сотталғандардың 99 қылмыс, 120-дан аса әкімшілік құқықбұзушылықтың жасағаны анықталды. Сондай-ақ, 198 адам түрмеге қайтарылды. Бірақ мұның барлығын алдын алуға болар еді ғой», — деді баспасөз қызметіндегілер.

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, түрмеден босатылған 270-тен аса адам жұмыспен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, олар алғаш рет прокуратура мен соттың қылмыстық іс жасаған ер адамға қатысты кепілгерлік принципін қолданғанын айтты. Мысалы, қылмыс жасаған адамның әкесі қылмыстық жауапкершілікті өз мойнына алып (бірақ олар бостандықта болады), кепіл ретінде 848 400 теңге төлеген.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі