jasqazaq.kz

Шешендік өнер – ұлттың құндылықтың қайнар көзі

11 қыркүйек 2024, 11:06

Сөз өнері — ықылым заманнан бері даналық пен парасатты айшықтайтын асыл қазынамыз. Көркем сөздің мәйегі іспеттес шешендік өнер ана тіліміздің өрісін кеңейтіп қана қоймай, оның дамуына қызмет етіп келеді. Бүгінде осы ұлттық құндылығымызды жас ұрпақ арасында насихаттап жүргендер баршылық. Солардың бірі — Абай атындағы республикалық мектеп-интернаты «Шешендік өнер» пәнінің мұғалімі, «Ділмар» республикалық клубының президенті, журналист Жарқын Сәленұлы. Оқырманға тіл жанашырының бүгінгі шешендік өнердің жай-күйі туралы пікірін ұсынамыз.

Қазақ елін санасы жаңарған, ұлтының, жұртының мүддесін өз басынан жоғары қойып, қамын ойлайтын, ата-баба мұрасы мен аманатына адал, таза, арлы, мол білімді, заманауи мүмкіндіктерді игерген, жан-жақты дамыған азаматтар ғана өркендете алады. Біз сол мақсатты іске асыратын буынды дайындап жатырмыз.
«Шешендік өнер» пәні арқылы даритын даналыққа толы тәрбие мен білім ауадай қажет. Өйткені ұлы дала ойшылдары қалдырған бай мұрада бізді адастырмайтын, адамдықтан, адал жолдан тайдырмайтын ізгілікке толы ата жолы бар. Оны заманауи біліммен ұштастыра алсақ, мол жетістікке жетеміз. Жақында профессор, көптеген оқу құралдары мен әдістемеліктердің авторы, ұлағатты ұстаз Береке Жұмақаевамен бірлесіп, 7-11 сыныпқа арналған «Шешендік өнер» пәнін оқытудың жаңа бағдарламасын жасап шықтық. Онда сөзтаным, тұлғатаным, тарихитаным, мәденитаным т.б қамтылады. Бағдароама оқушыларды жас ерекшелігіне қарай тәрбиелеп және білім беріп дамытады. 10-11 сыныпқа барғанда шәкірт түрлі ортада, алуан тақырыпта, бірнеше жанрлық ерекшелікте тіл және сахна мәдениетін сақтай отырып еркін сөйлейді. Өз ойын анық, дәл жеткізе алатын, білімі мен тәрбиесін өмірде қолданатын тұлғаға айналады. Биылдың өзінде осы бағдарлама бойынша еліміздің 8 өңірінде пән бейіндік және үйірме ретінде оқытыла бастады.

Осы уақытқа дейін білім ордаларында 5 рет республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауы өтіп, оған еліміздің әр өңірінен 139 оқушы қатысты. Ал желілік Абай мектептері арасында өткен «Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысы…» шешендік өнер байқауына 76 оқушы қатысып, сөйлеу шеберлігін сайыс үстінде сабақ алып шыңдады. Абай және Алматы облыстарында осы сайыс тұжырмдамасы бойынша шешендік байқаулары өтті. Демек, 200-ден астам мектеп оқушысы шешендік өнер байқауына қатысса, іріктеуінде бірнеше жүз оқушы сайысып тәжірибе жинады деген сөз. Сондай-ақ осы жобаның негізінде студенттер арасында 2 жыл қатарынан шешендік өнер байқауы өтіп, 24 студент бақ сынады.

Биылғы алғашқы іс-шарамыз – Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай ұйымдастырылады. Оған 9-10 сынып оқушылары қатысады. Яғни, бабалар мұрасын, шешендік өнерді күнделікті өмірде тиімді қолдануға бағыттау, халық қазынасын жинау және нәсихаттау ісіне белсенді түрде атсалысқан үздіктер анықталады. Осылайша, біз Ахмет Байтұрсынұлының аманатына адал, ізін басар ізетті ұрпақ ретінде қалыптасып келе жатқанымызды нақты іс-әрекет арқылы көрсеткіміз келеді. Өйткені, ұлт мұрасы мен мұраты бәрімізге ортақ.

Жарқын Сәленұлы,
журналист, «Ділмар» республикалық клубының президенті

13 мамыр, 15:04
Астаналық зейнеткерлерге интернет-алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді
13 мамыр, 12:58
Туркестан: Борьба с саранчой продолжается
12 мамыр, 15:00
Аким Туркестанской области встретился с президентом компании "Magister Art" Ренато Сапорито
12 мамыр, 14:38
Туркестан: Ведется масштабная работа по улучшению дорожной инфраструктуры
12 мамыр, 14:30
Туркестан: Социальные объекты - на благо населения
12 мамыр, 14:16
Туркестан: В Жетысайском районе завершаются работы по восстановлению вертикального дренажа
12 мамыр, 14:14
Туркестан: В Тюлькубасе прошел республиканский конкурс молодежного творчества
08 мамыр, 14:51
4 завода по переработке водосберегающих технологий расположены в Туркестанской области
07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті