jasqazaq.kz

Шерзаттың ағасы шынымен оқ атты ма? Сотта марқұмның жауабы оқылды

29 сәуiр 2025, 13:47

Бүгін Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бұған дейін куәгер Элмира Нұрбекова төбелес басталар алдында Нұрқанат Ғайыпбаевқа ұқсайтын адамның оқ атқанын айтқан болатын.

«Дүкенге қарама-қарсы бес қабатты үй бар. Сол жақтан сұр түсті киім киген бала жүгіріп шықты. «Жібер, жібер» деп айғайлады да, аспанға бір рет оқ атылды. Сол кезде Равильді құшақтап алдым, ол менің қолымды босатып шығып, әрі қарай жүгірді. Мен көлік тұрған жаққа қарай кеттім. Дана екеуміз көліктің артқы жағында отырдық. Мылтық кемі 2-3 рет атылды. Көмек сұраған әйелдің дауысын естідім. Көліктен шығып, олардың қай жерде тұрғанына қарадым. Шамамен төрт адамның теуіп жатқанын көрдім. Жүгіріп бардым да, қара күртеше киген жігітті ұстап алдым. «Қойыңдар» деп айттым, күртесінен тарттым, сол кезде баланы көрдім. Сұр киімдегі бала ішпен (етпетінен – ред.) жатты. Абзалдың оны арқа тұсынан ұрып жатқанын көрдім», – деді Элмира Нұрбекова.

Бүгінгі сот отырысында марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың алдын ала тергеу кезінде берген жауабы оқылды.

Тергеушілердің сұрағына ол: «Егер менде мылтық болса, төбелес басталғанда қолданар едім ғой. Куәгерлер мен сотталушылардың не үшін олай деп айтқанын түсінбеймін», — деп жауап берген.

JQ-Aqparat

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі