jasqazaq.kz

Шерзат соты: судья блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушыларына ескерту жасады

15 мамыр 2025, 11:37

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот отырысы өтіп жатыр.

Сот отырысының басында судья Ержан Жанұзақов блогерлерге және әлеуметтік желі қолданушыларына ескерту жасады.

— Құрметті сот отырысына қатысушылар, әлеуметтік желілерде іске мүлдем қатысы жоқ блогерлер мен басқа да азаматтар тергеу әрекеттері мен сот талқылауына қатысты жеке пікірін білдіріп, субъективті баға беріп жатыр. Осыған байланысты ҚР Конституцисының 75-бабының 1 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот жүзеге асыратынын, сонымен қатар сот қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейтінін және ол заңда белгіленген тәртіпте жауапкершілікке әкеп соғатынын естеріңізге саламыз, — деді судья.

Сонымен қатар Ержан Жанұзақов іс қаралып бітіп, үкім шығып, ол заңды күшіне енгенге дейін сот процессін түсіндіруге, әсіресе оған құқықтық баға беруге жол берілмейтінін ескертті.

— Сот шешімді объективті, даусыз дәлелдер негізінде қабылдайды. Үкім шыққанға дейін сотқа қысым жасауға, негізсіз және дәлелсіз сын айтуға жол берілмейді. Іске қатысты субъективті пікір таратуға болмайды. Бұл кей жағдайларда сотқа қысым жасау әрекеті ретінде бағалануы мүмкін. Осыған байланысты блогерлер мен басқа да желі қолданушыларына арандатушылық сипаттағы әрекеттерден аулақ болуға шақырамыз. Сот объективті әрі негізделген үкім шығаратынына кепілдік береді, — деді сот.

 

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды