jasqazaq.kz

Шеруде кентаулық жігіт қарт ардагерді арқалап жүрді (фото)

10 мамыр 2017, 13:41

Оңтүстік Қазақстан облысында кеңінен аталып өткен Жеңіс мерекесінде көпшілікке қатты әсер берген оқиға аз болмады.

Мәселен Кентау қаласында ұйымдастырылған салтанатты шарада Жастар орталығының инспекторы Әділбек Қайырбеков 90 жастағы ардагерді арқалап жүрді. Ұйымдастыру жұмыстарының басында жүрген Әділбек Қайырбековке ардагерлерді алып жүру ісі тапсырылыпты. Ол жасы 90-ды алқымдаған ардагердің өздігінен еркін қозғала алмайтынын біліп, қарияны арқасына көтеріп алған. Мереке біткенше арқалап алып жүрген. Ардагердің: «Балам бұның қалай болар екен» дегеніне, ол: «Ата сіздей бейбіт өмір сыйлаған ардергерді арқалаудан арланбаймын. Қайта мақтан етемін», — деп жауап қатқан. Осылайша кентаулық азамат өзге жастарға үлгі боларлықтай өнегелі іс жасаған. Ал, салтанатты жиын біткен тұста кішкентай бала келіп сол ардагер атаға «Қазақстан» шоколадын сыйлаған. Тәттіні ұсынған жеткіншек «Қазақстан біздің Отанымыз, ондағы бейбіт өмірді ардагерлер сыйлады. Сондықтан мен осы шоколадты алдым. Ата бізге бейбіт күн сыйлаған сізге рахмет» деген.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде