jasqazaq.kz

Шекаралық аймақ тұрғындарына айрықша жеңілдік

06 маусым 2023, 16:54

Индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган «Отбасы банкімен» бірлесіп, елдің шекаралас аудандарында тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру бойынша жаңа жобаларды жүзеге асырмақ. Ұлттық экономика министрлігі ашық талқыға шығарған Ауылдарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасында осы мәселе де қамтылған. «Шекара маңындағы ауылдарда тұрақты тұратын халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында өз қызметкерлері үшін тұрғын үй салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тетігі енгізіледі. Сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысына арналған игерілмеген жаңа жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу жөніндегі жұмыс жалғасады. Индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен бірлесіп, елдің шекаралас аудандарында тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру жөніндегі жаңа жобаларды әзірлейді. Еңбек мигранттарын тарту мақсатында еңбек тапшылығы бар өңірлердің шекаралас елді мекендерінде жер учаскелерін кейіннен меншікке бере отырып, оларды өтеусіз пайдалануға беру мүмкіндігі қаралатындығы» жазылған тұжырымдамада. Ашық НҚА порталында бұл жоба көпшіліктің талқылауына ұсынылады. Тұжырымдамада жазылғандай бұдан былай табиғаты қатал шекаралық аймақта тұратын ауыл тұрғындарының еңбек өтілінің 1 жылы 1,5 жыл болып есептеледі. Табиғи-климаттық жағдайы күрделі шекара маңындағы елді мекен тұрғындары электр энергиясын төмендетілген бағада тұтынатын болады.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі