Шекара газетіндегі шеберлік сабақтары

14 сәуiр, 22:16

Жалпы әскери БАҚ жұмысымен танысу болашақ әскери журналистер буынын қалыптастыруға оң ықпал етеді. Ақпараттық сын-қатерлер мен гибридті қауіптер дәуірінде әскери журналистиканың маңызы арта түсуде. Бұл салада еңбек ететіндер – жай ғана жаңалық авторлары емес, олар – ақпараттың нақтылығы, қауіпсіздігі мен патриоттық мазмұны үшін жауап беретін кәсіби мамандар. Осы жауапкершілік пен міндетті терең түсінуге Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әскери кафедрасы студенттері ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің медиа орталығына жасаған оқу сапары барысында мүмкіндік алды.


Студенттердің сапары оқу бағдарламасының бір бөлігі ретінде ұйымдастырылып, танымдық және кәсіби тұрғыдан мазмұнды өтті. Жас болашақ мамандар медиа бөлімнің ұйымдастырушылық құрылымы, тарихы, мақсаты мен міндеттерімен танысуға мүмкіндік алды.
Шекара қызметі редакциясының өкілдері ақпараттық сүйемелдеудің ерекшеліктері мен мемлекеттік шекараға қатысты ақпаратты жариялау, БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы кеңінен баяндады. Бұл кездесу білім ордасы мен күштік құрылым арасындағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі, өзіндік шеберлік сабағына айналды.


Сапар бағдарламасында әскери журналистиканың рөліне ерекше назар аударылды. Студенттерге шекарада қызмет ететін әскери қызметшілер жайлы материалдарды әзірлеу кезеңдері – тақырып таңдаудан бастап ақпарат жинау мен талдауға, одан әрі баспа немесе цифрлық контент түрінде жарық көруіне дейінгі толық үдеріс түсіндірілді.
Студенттер журналистік идея қалай туындайтынын, материал қалай редакцияланатынын және ведомстволық газет нөмірі қалай беттелетінін өз көздерімен көріп, басылым шығару ісіне куә болды. Бұл оларға тек теориялық білімдерін нығайтып қана қоймай, мемлекеттік қызмет құрылымындағы редакция жұмысының ішкі динамикасын терең сезінуге сеп болды.
Сапардың ең әсерлі кезеңі – кәсіби тәжірибесі мол журналист мамандармен өткен жылы жүздесу болды. Олар шекаралық аймақтардан жасаған репортаждары туралы естеліктерімен бөлісіп, жас буынға құнды кеңестер берді. Бұл тек өмірлік тәжірибе емес, ведомстволық журналистиканың шынайы тарихы, Отанға адалдық пен кәсіби борышты терең сезінудің көрінісі іспетті болды.


ҚР ҰҚК Шекара қызметі медиа редакциясына жасаған бұл сапар студенттерге болашақ мамандықтарының мәнін тереңірек ұғынуға, сондай-ақ әскери және күштік құрылымдардың оң имиджін қалыптастыру жолындағы маңызды миссияға өздерінің де үлес қоса алатынын сезінуге мүмкіндік берді.
Осындай тәжірибелік кездесулер тек білім көкжиегін кеңейтіп қоймай, әскери журналистиканың қоғам үшін маңыздылығына деген сенімді де нығайтады. Демек, жаңа буын әскери журналистерді даярлау ісі – дәстүрге сүйенген, болашаққа бағдарланған маңызды әрі мазмұнды үдеріс.

Рамазан Төлегенов,
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ әскери кафедрасының студенті

16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң
10 сәуiр, 14:02
"Қазпошта" алаяқтардың асына айналған ба?
07 сәуiр, 14:29
Көктемде психикалық аурулар неге асқынады?
01 сәуiр, 19:13
Саудада достық жоқ
31 наурыз, 16:10
Мақта кластері: Шикізаттан –дайын өнімге
31 наурыз, 15:45
Астана – даму драйвері
30 наурыз, 12:48
Мұхит Тұрысбеков: Ауыз су мәселесін толық шешу – басты міндеттің бірі
28 наурыз, 17:40
“Жұмысшыларды роботтар алмастырып жатыр”. Кентау трансформатор зауыты инновациялық дамуға көшті
28 наурыз, 15:18
Машина жасау: инновациялық серпіліс