jasqazaq.kz

Шеф өзі айналысып жатыр: Алаяқтарға алдандым деген Жұлдыз Әбдікәрімова мәлімдеме жасады

12 қараша 2024, 11:22

Белгілі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жақында БАҚ өкілдерін жинап, сот ісі бойынша шындықты жариялайтынын айтты. Өнер иесі инстаграм желісінде осы іске қатысты алаяқтардың пайда болғанын жасырмады.

«Сенбі, жексенбі маған «парламенттен» деп біреу хабарласты. Әрине, алаяқ екенін бірден түсіндім. Оның айуынша, сот мәселесі бойынша ісімді шешіп бере қалмақшы. Алаяқ болғанда да су жұқпас, әккі екен. Лауазымды адамның атын жамылып, қорықпай банк шотын беріп, дәл қазір қомақты соманы аудара қалыңыз. «Шеф» өзі айналысып жатыр деді.

Оның командасы менімен кездеспей, мәселені біліспей, қалай қорықпайды деген сұрақ болды. Ақпарат іздей бастадым. Түйсік алдамады, әрине, алаяқ болып шықты. Осындай қоңыраулардың көбеюіне байланысты мынадай шешім қабылдадым. Алдағы уақытта БАҚ өкілдерін жинап, баспасөз-конференциясын өткіземін. Сот барысы бойынша барлық ақпаратты бөлісіп, осы алаяқтық туралы айтамын. Лауазымды адамның атын жамылып, маған хабарласқан адамның аты-жөні, нөмірі және кімнің атына кір келтіріп жүргені туралы да ашық айтамын», – деп жазды актриса.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі