jasqazaq.kz

Шеберлік дәрісі өтті

21 қазан 2024, 14:06

18-19 қазан күні Астана қаласында Бас редакторлар клубының ұйымдастыруымен «Заманауи медиа құпиясы» шеберлік сабақтары өтті.

Екі күнге созылған шеберлік сабақтары Телевизиялық журналистиканың шеберлік негіздері, цифрлық медиада қолданылатын тиімді дағдылары, БАҚ үшін бәсекеге қабілетті контент жасау мен PR негіздері тақырыптарын кеңінен қамтыды.

Семенир-тренингке Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Журналистика факультетінің студенттері қатысып, өз дағдыларын шыңдады. Өз кәсіби және өмірлік тәжірибесімен еліміздің танымал медиа мамандары бөлісті:
— Мөлдір Доспаева, «Хабар» телеарнасының редакторы, тележүргізуші, #МөлдірСөйле блогының авторы, «Тіл жанашыры»;
— Айгүл Адилова, Журналист, сценарист, медиа менеджер, «Хабар», «Хабар24» арналарының экс-директоры;
— Яков Фёдоров, Тревел-блогер, экоактивист және азаматтық журналист, «Сөйле» клубының негізін қалаушы;
— Ұлан Әбішев, Блогер, медиа-менеджер, коммуникация сарапшысы.

Бас редакторлар клубының дәстүрлі түрде ұйымдастырған шеберлік сабағы аясында білім алған студенттерге сертификаттар табыс етілді.


Бас редакторлар Клубының негізгі мақсаты – медиада шығармашылық атмосферасын нығайту, бұқаралық ақпарат құралдары арасында тиімді бәсекелестікті нығайту, қоғамда ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту.

Айдос Құсайынұлы

29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты