jasqazaq.kz

Шавкат Мирзияев алдымен Астанаға келеді

01 наурыз 2017, 18:37

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев алғашқы сапарын Қазақстанға жасайды.

Өзбекстан көшбасшысы Қазақстанға наурыз айының соңына қарай келеді деген хабар бар. Бұдан бұрын оның ресми сайтында: «Шавкат Мирзиеев алғашқы сапарында Ресейге барады» деген ақпарат тараған болатын. Сарапшылар сапар бағытының өзгеруін өзбек элитасының Орталық Азиядағы интеграцияға көбірек назар аударуымен түсіндіреді.

Бұл сапар Мирзияевтің ел тізгінін қолға алғаннан кейінгі ұстанатын саясатын айқындайтын сияқты. Ол Ислам Кәримовтың көпвекторлы саясатын одан әрі жалғастырып, интеграциялық ұйымдардан алшақ тұратынын байқатты. Осыған байланысты, Өзбекстанның  Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭС) қосылуы әзірге екіталай.

Өзбекстанда бекітілген сыртқы саясат доктринасына қарап президенттің Қазақстанға келуі осы тұрғыдан алғанда қисынды екенін көреміз. Ташкент екі мемлекеттің байланысын одан әрі дамыту үшін жұмыс істеп жатыр. Ислам Кәримов билік еткен тұста да Қазақстан мен Өзбекстанның ара қатынасы алшақтаған жоқ.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде