Шаруаның еңбегі еш, тұзы сор

11 наурыз 2022, 12:39

Коммуналдық қызметтер құны қымбаттаған сайын көкөніс бағасы да өсіп барады. Ауылдың, шаруаның жағдайы ауыл шаруашылығы министрлігін ойландыруға тиіс.

Жақында өңірлерде болғанымызда «Оңтүстік Қазақстан жылыжайлары қауымдастығы» Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігінің өкілдері дабыл көтерді. Сөз жылыжай саласының күрделі жағдайы жөнінде болып отыр. Қазақша айтсақ, «еңбегі еш, тұзы сор болған» шаруалардың жанайқайы.

Жалпы елімізде жылыжай саласын дамытудың басты мақсаты – бұл маусымаралық кезеңде халықты өзімізде өндірілген көкөністермен қамтамасыз ету. Сондай-ақ жылыжай өнімінің бағасын арзандатып, оның импортын төмендету. Теориялық тұрғыдан Қазақстанның бүкіл аумағында маусымдық емес көкөністерді өсіру мүмкін болып табылады. Бірақ елдің оңтүстігіндегі Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары Құдайдың өзі қарасқандай жетінші жарық аймағы деп аталатын өңірге кіреді. Мұнда күн жарығының жағдайы тіпті өсімдік өспейтін маусымда да – желтоқсаннан ақпанға дейін өнім алуға мүмкіндік береді. Сондықтан елдің оңтүстігінде жылыжай көкөніс шаруашылығы ауыл шаруашылығының жетекші саласы болуы керек.

Өкінішке қарай, ерте шығатын көкөністердің қазіргі құны қымбат, көптеген қазақстандықтар үшін бағасы қолжетімсіз болатыны, әкімдердің базардағы бағамен жағаласып шапқылайтыны да жасырын емес. Себебіне үңіліп, зерттеген жан бар ма?

Қауымдастық ұсынған есеп-қисаптар бойынша өнеркәсіптік жылыжайдың 1 гектарын жылытып, жарықтандыруға жұмсалатын шығындар сағатына 45 кВт электр энергиясын тұтынуға дейін барады. Оған қоса, электр энергиясына, минералдық тыңайтқыштарға, еңбекке ақы төлеуге, күндізгі жарық ұзақтығының қысқаруына байланысты қосымша жарықтандыруға жұмсалатын шығындар және т.б. Тиісінше, осындай үлкен шығындар болған кезде көкөністер бағасы желтоқсаннан бастап наурыз-сәуір айларына дейін төмендеуі екіталай.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін жетекші экспорттаушы елдерде өнімділікті арттыру үшін жасанды қосымша жарықтандыру (күндізгі жарық уақытын ұзарту) қолданылады. Алайда Түркістан облысында коммуналдық қызметтердің қымбат болуына байланысты қосымша жарықтандыруды қолдану тиімсіз. Бұл проблема 3 жылдан астам уақыт бойы көтеріліп келеді, отандық өнім көрші елдерде (Өзбекстан, Түркіменстан) өндірілген өнімдермен бәсекелесе алмайды.

Мысалы, коммуналдық қызметтер құнын салыстырғанда мынадай: Түркістан облысында 1 кВт электр энергиясының құны – 33,17 теңге, ал Өзбекстанда – 18 теңге, Түркіменстанда – 2-3 теңге;
Түркістан облысында мың текше метр газдың бағасы – 35 788 теңге. Өзбекстанда фермерлер үшін біздің ұлттық валютаға шаққанда – 11 000 теңге, Түркіменстанда – бар болғаны 45 теңге. Су бізде 1 текше метр үшін 262 теңге, көрші елдерде тегін.

Ал өңір экологиясын бұзатын көмірдің 1 тоннасы – 14600 теңге. Қысқа қарай ол 20 мың теңгеден асып жығылады. Газ бағасы бойынша да басқа облыстармен салыстырғанда Түркістан облысы 1-ші орында тұр.

Ал Қазақстандағы ең арзан газ Шығыс Қазақстан облысында (мың куб үшін 11218,76 теңге), Ақтөбе облысында (14536,37 теңге), Батыс Қазақстан облысында (17873,39 теңге). Осылайша, еңбек ресурстарының шығындары отандық өнімнің өзіндік құнына үлкен әсер етеді.
Қысқасы, нарықта көрші елдің 1 кг өнімі кем дегенде 2 есе арзан, отандық өнім бәсекеге қабілетсіз. Жағдайды оңалту үшін тиісті министрлік шұғыл шаралар қабылдауы қажет деп ойлаймыз.
Баға тұрақтылығын ұстап тұру және жылыжай алаңдарын кеңейту, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мынадай шараларды қабылдауды қарастыруды ұсынамыз:

1. Коммуналдық қызметтерді (электр қуаты, табиғи газ, көмір) арзандатуға арналған шығындардың құнын 50 пайыз мөлшерінде субсидиялау;

2. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде преференциялардың барлық түрлерін ұсына отырып, жылыжайлар үшін АЭА (арнайы экономикалық аймақ) құру мәселесін қарау.

Осылайша, жылыжай кластерін одан әрі дамытуды қолға алуды сұраймыз. Еліміздің экономикалық қауіпсіздігі осыған да тікелей байланысты екенін ұмытпайық. Тиісті заңға сәйкес жауап күтеміз.

Дархан МЫҢБАЙ,
Мәжіліс депутаты,
«AMANAT» партиясы
фракциясының мүшесі

18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді
12 сәуiр, 12:11
Түркістан: Сайрам ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде
12 сәуiр, 12:10
Түркістан: Жетісай полицейлері «Заң және тәртіп» жобасын іске асыруда
11 сәуiр, 16:06
«Нөлдік төзімділік»: Түркістан полициясы 700-ден астам құқық бұзушыны анықтады
11 сәуiр, 15:50
Түркістан: Алаяқтар қашып құтылмайды