jasqazaq.kz

Шаруалардың несие алуы жеңілдеді

02 маусым 2023, 12:26

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айдын Досқараев мәлімдеп, саладағы жаңалықтарымен бөлісті.

–Бүгінгі таңда кәсіпкерлерге бірнеше бағытта қаржылық қолдау көрсетіліп отыр. Биыл Шымкент қаласы филиалы бойынша ауыл шаруашылығын дамытуға 12,2 миллиард теңге бөлінсе, оның 10,3 миллиард теңгесі игерілді, қалғаны жоспар бойынша жыл соңына дейін игерілмек. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қолдаудың негізгі бағыттары: несиелік серіктестіктерді және лизингтік компанияларды қаржыландыру, тікелей несиелеу, оның ішінде шағын несие беру, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелендіру, сондай-ақ инвестиция тартуды іске асырып келеміз. Кәсіпкерлердің қазіргі мәселесі ауылдағы кепіл мүліктің төмен бағалануы болатын. Соны ескере отырып арнайы платформа жасақталды. Нәтижесінде мүлік бағасы 30 пайызға артып отыр. Енді шаруалардың несие алу сомасы да көбейеді, — деді Айдын Досқараев.

Биылғы жылы Шымкент қаласынан 17 жобаға қолдау көрсетіліп, оған 428 млн теңге қаржы бөлінген. Ал жақында ғана басталған «Жастар» несиелеу бағдарламасына 26 үміткер қатысып,19-ы комиссияға ұсынылған.

Шымкент қаласы республикалық мәртебеге ие болғаннан кейін әлеуметтік, кәсіпкерлік бағытындағы нысандардың көптеп салынуына байланысты ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі айтарлықтай қысқарғаны белгілі. Шаһардың аумағы 117 мың гектар болса, өткен жылы оның 30 мың гектарына ауыл шаруашылығы дақылдары егіліпті. Ал көктемгі маусымда 27 мың гектарға тұқым себіледі деп жоспарланып отыр.

Қаланың ауыл шаруашылық және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров егістік жерлердің қысқаруы қала халқының жылдан жылға өсіп, әлеуметтік және бизнес нысандары құрылысының көбеюмен байланысты дегенді алға тартты. Алдымен қала аумағындағы егістік пен жайылым жерлерге егілген дәнді дақылдарға тоқталсақ. Егілген аумақтың 13 мың гектарына – дәнді дақыл, 3,6 гектарға – майлы дақыл, мал азықтық – 9,6, көкөніс пен бақша өнімі – 3,4 гектарға егілсе, 0,4 гектарға картоп егіліпті. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 0,7 мың гектарға артық екен. Егіс алқаптарынан жалпы 94,3 мың тонна егін жиналған. Оның 20,1 тоннасы дәнді дақыл, 3,2 тоннасы майлы дақыл, 48,2 мың тоннасы көкөніс пен бақша өнімдері, 4,4 мың тоннасы картоп дақылдары және 18,3 мың тоннасы мал азықтық дақылдары.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 15:04
Астаналық зейнеткерлерге интернет-алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді
Бүгін, 12:58
Туркестан: Борьба с саранчой продолжается
12 мамыр, 15:00
Аким Туркестанской области встретился с президентом компании "Magister Art" Ренато Сапорито
12 мамыр, 14:38
Туркестан: Ведется масштабная работа по улучшению дорожной инфраструктуры
12 мамыр, 14:30
Туркестан: Социальные объекты - на благо населения
12 мамыр, 14:16
Туркестан: В Жетысайском районе завершаются работы по восстановлению вертикального дренажа
12 мамыр, 14:14
Туркестан: В Тюлькубасе прошел республиканский конкурс молодежного творчества
08 мамыр, 14:51
4 завода по переработке водосберегающих технологий расположены в Туркестанской области
07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті