jasqazaq.kz

«Шаршадым, ажырасамын»: Тележүргізуші Айгүл Мүкейдің жазбасы көпті толғандырып қойды

07 маусым 2023, 14:21

Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей желіде ажырасу жайлы жазба қалдырып, көпті ойландырып қойды. Оның айтуынша ер адаммен ақшаны аз тапқаны үшін ажырасқан дұрыс емес.

«Жақында құрбыммен кездескенмін. Жасы 35-те, 3 баланың анасы. “Күйеуімнің табысы аз. Шаршадым, ажырасамын”- дейді. Қанша табады деп сұрасам, миллион дейді. Бірақ нақты жұмысы жоқ. Сонда да, айына 1миллион үйіне әкеледі. Иә, жақсыға, көп ақша табуға ұмтылғаны дұрыс деп қолдарсыздар бәлкім. Қазір инстаграмнан да өзіңнен ештеңе аяма, өз бағаңды біл дегендерді оқып жатамыз. Бірақ күйеуі екеуі қиындықтың бәрін бірге жеңіп, керісінше жолдасын қолдау керек деп ойлаймын. Дегенмен, арада 3 бала барда, ажырасуға бару қаншалықты дұрыс? Бірақ күйеуі мен әйелі қиыншылықты бірге жеңу керек дегенді білеміз. Жалпы күйеуіңнен талап етіп сұраған жөн бе, әлде жай ғана көз жұмып қарай салу керек пе? Өз пікіріңізді жазып кетсеңіздер», — деп жазды ол.

Көпшілік тележүргізушінің бұл пікірімен келісе кеткен. «Дұрыс айтасыз, ақшаға бола ажырасқаны несі?», «Қазір ештеңенің құны жоқ, некенің де, жастар қадірін білмейді», «Ақша бақыт әкеледі деп кім айтты? Екеу болып бір нәрсеге қол жеткізгенге не жетсін?» деп жазды олар.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі