jasqazaq.kz

Шардара су қоймасында гидроцикл адамдар отырған тюбингке соқтығысты (Видео)

12 тамыз 2024, 15:17

Әлеуметтік желіде Түркістан облысы Шардара ауданындағы су қоймасында болған оқиғаның видеосы тарады. Өңірлік полиция департаменті мен ТЖМ аталған кадрларға қатысты пікір білдірді.

Әлеуметтік желіде тараған кадрларда қатты жылдамдықпен келе жатқан гидроциклдің демалушылар отырған тюбингке соқтығысқанын байқауға болады. Салдарынан скутер жүргізушісі суға құлайды. Түркістан облыстық полиция департаменті KAZ.NUR.KZ тілшісіне оқиғаның Шардара су қоймасының аумағында болғанын хабарлады.

«Гидроциклдің жүргізушісі анықталып, полицияға жеткізілді. Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді. Гидроцикл айыппұл тұрағына жеткізілді. Сондай-ақ демалушыларға судағы көлік құралын жалға бергендерді жауапқа тарту бойынша шаралар жүргізіліп жатыр», — деді полицияда. ТЖМ мониторинг барысында гидроцикл мен тюбингктің суда соқтығысқаны туралы жазба анықталғанын мәлімдеді. Тексеру барысында оқиғаның 8 тамыз күні болғаны белгілі болған. Алайда «112» пультіне де, Түркістан облыстық ТЖ департаментіне де қоңырау түспеген. «Түркістан облыстық ПД мәліметіне сүйенсек, 2024 жылы 8 тамызда сағат 15:48-де Шардара су қоймасындағы демалыс орындарының бірінде гидроцикл мен моторлы қайыққа жалғанған тюбинг соқтығысқан. Тюбингкте үш адам отырған. Оқиға салдарынан үш азамат та зардап шекті. Олар ауруханаға жатудан бас тартып, түрлі жарақатпен амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді», — деді KAZ.NUR.KZ тілшісіне ведомствоның баспасөз қызметі.

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі