jasqazaq.kz

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің қатары толығады

06 маусым 2017, 13:56

Үндістан мен Пәкістан Шанхай ынтымақтастық ұйымы қатарына қосылады. Бұл туралы сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов айтты деп хабарлайды jasqazaq.kz тілшісі.

«Үндістан мен Пәкістанның Шанхай ынтымақтастық ұйымы қатарына кіруінің тарихи маңызы бар. Шешімді  Астанада жиналатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары  қабылдайтын болады. Бұл рәсімге өздеріңіз күә боласыздар. Сонымен қатар мемлекет басшылары Астана декларациясын және Шанхай ынтымақтастық ұйымының экстермизмге қарсы конвенциясын қабылдайды. Сондай-ақ тағы басқа шешімдер қабылданады. Ал отырыстың бағдарламасына тоқталатын болсақ, 8 маусым күні шетелдік делегацияларға арналған мерекелік концерт өтеді. Ал негізгі отырыс – 9 маусым күні. Шанхай ынтымақтастық ұйымы басшыларының саммиті аяқталған соң кешке қарай ЭКСПО-ның салтанатты ашылу рәсімі болады. 17 мемлекеттің президенттері мен үкімет басшылары осы шараға қатысады деп күтілуде», — деді Қайрат Әбдірахманов үкімет отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде