jasqazaq.kz

Шаңғышы журналистер бұл жолы Бардонеккиде бас қосты

29 қантар 2025, 17:25

Халықаралық шаңғышы-журналистер клубының (SCIJ) 70-ші мерейтойлық кездесуі Италияның Бардонеккия шаңғы ортаоығында өтіп жатыр. Оған 30 елден 154 журналист қатысуда. Бүгін осы кездесудің шеберінде шаңғымен жүгіруден ( cross-country) бойынша жарыс өтті. Қазақстан журналистері тамаша өнер көрсетіп, 3 алтын, 1 күміс иеленді.
SCIJ Қазақстан клубы 2012 жылы құрылды. Қазір Клуб мүшелерінің саны 45-ке жетті.

Италиядағы кездесу аясында шаңғышы-журналистер арасында бейресми әлем чемпионаты саналатын тау шаңғысы мен шаңғы жарысы бойынша жаттығулар мен жарыстар, кәсіби тақырыптарда пікірталас, қызықты кездесулер, Қазақстан тарихы, мәдениеті және ұлттық тағамдарымен танысу өтеді.

Айта кетейік, SCIJ (TheSkiClubofInternationalJournalists, https://scij.ski/) халықаралық клубы 69 жылдан бері жұмыс істейді және әлемнің 31 елінен және үш континенттен — әлемдегі жетекші шаңғы державаларының 3 мыңнан астам белсенді журналистін біріктіреді. SCIJ клубының президенті — канадалық Фредерик Уоллес, ал бас хатшысы — бельгиялық Бруно Шмитц.

Клубтың негізін қалаушы француз Жиль де Ла Рокк, ол Куршевельден шыққан журналист және шаңғышы. 1955 жылы қырғи-қабақ соғыстың қызып тұрған шағында ол үкіметтер арасындағы келіспеушіліктер журналистер мен спортшылардың еркін қарым-қатынас жасауына кедергі болмауы керек деген идеяны ұсынды. Бұл SCIJ ұраны болды: кәсіби және спорттық мүдделерге негізделген журналистер арасындағы байланыстар мен өзара әрекеттесуді кеңейтуге жәрдемдесу.

Содан бері клуб мүшелерінің дәстүрлі кездесулері жыл сайын әлемнің ең таңдаулы тау курорттарында өткізіліп келеді.

Срайыл Смайыл

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі