jasqazaq.kz

Шәмшінің әндері корей тілінде шырқалды

08 тамыз 2023, 11:11

Отандық бағдарламаға сұхбат берген кореялық музыкант Сон Вон Соб қазақ тілінде 15-тен аса ән шырқайды екен. Қазақ тілінде ән жазуды да армандайтынын айтып қалды.

Сеулде тұратын әнші Сон Вон Соб Қазақстанда болып, біраз жерді аралаған. Соның арқасында қазақтың жанын да түсінуге тырысып, Шәмшінің әнін корейше шырқайды. «Сыған серенадасы» әннің сөздерін корей тіліне аудару қиын болды, оның мағынасы күрделі. Ән мені өмір туралы ойлануға мәжбүр етті. Мен сөздерді заманауи түрде өзгерттім. Олардың мағынасын оңтүстік кореялықтар жақсы түсінеді. Биылғы мақсатым – қазақ тілінде ән айту. Өкінішке қарай, тілдік кедергі бар», — дейді әнші., Сеулдың шетіндегі студия — Сон Вон Собтың екінші үйі. Мұнда ол шетел әндерін корей тіліне аударып, орындап, бейнебаян түсіреді. 36 жастағы кореялық 20 жылын музыкаға арнаған. Өнер университетінде тромбон бойынша оқыған. Содан кейін ансамбльде ойнады, K-Pop тобында рэп айтты және блогер болды. 2015 жылдан бастап Сон өзінің жеке мансабын бастады. 3 жылдай бұрын өзге елдердің әндерін корей тіліне аудара бастады. Тырнақалдысы — қазақстандық Батырхан Шүкеновтің композициясы екен. Қазір әншінің репертуарында 15-тен астам қазақ шығармасы бар. Ол студиясына Қазақстанды саяхатты еске түсіретін заттар жинаған. Әнші солардың ішінде ең асылы домбыра екенін атат өткен. «Негізгі табысым — жарнамаға модель ретінде түсу. Кореяда мен музыка жазамын, бейнебаяндар шығарамын. Әзірге каверлерден табыс таппаймын, бірақ кім білсін, Қазақстанға жұмыс істеуге баратын шығармын. Кавер емес, қазақ тілінде жаңа ән жазғым келеді. Алматыда, Астанада, Шымкентте, Петропавлда, Ақтауда болдым. Өзімді әртүрлі елдерде жүргендей сезіндім, әр қаланың өз айырмашылығы бар», — дейді. Алдағы екі айда Сон Вон Соб Қазақстанға 2 сапар жоспарлап отыр. Әнші концерт беріп, әрі халықаралық музыка фестиваліне қатысуға асығып жүргенін жеткізген.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі