jasqazaq.kz

«Шампур сұғып алған»: Алматы облысында сыныптасын өлтірген оқиғаға қатысты тың ақпарат жарияланды (Видео)

27 мамыр 2025, 9:58

Алматы облысында болған қанды оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Ал сыныптасын шампурмен өлтірген күдікті қамауға алынған, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап. 

Алматы облысында коттедж жалдап алып көңіл көтерген түлектердің қасында ересектерден ешкім болмаған. Бұл туралы бізге марқұм Әліби Қадырдың әжесі айтып берді. Үйіндегі жалғыз ұлды олар кеше жер қойнына тапсырған. Ал оған кәуап пісіретін темірді сұғып алған сыныптасы қамауға алынды. Қанды қылмыс болған үй бұрын лауазымды қызметте істеген азаматқа тиесілі үш коттедждің бірі дейді сол маңдағы тұрғындар.

Қырғауылды ауылындағы орта мектеп түлектеріне соңғы қоңырау өткен жұмада соғылған. Қос сыныптың оқушылары мұны атап өтпек болыпты. Алайда жастардың басқосуы бір отбасының жалғыз ұлының өлімімен аяқталды.

Долан ауылында түлектер көңіл көтеру үшін жиналып, арты қайғылы жағдаймен аяқталған коттеджді 11 сынып оқушылары жалға алыпты. Сол күні сауық-сайран, у-шу болғанымен, қазір мұнда өлі тыныштық. Полицейлер үйді арнайы лентамен қоршап кеткен. Ішке ешкімнің кіруіне рұқсат жоқ.

Үйдің ауласында сол күннен қалған мангал, сусын мен ыдыс-аяқ әлі де жатыр. Дастарханда алкоголь ішімдік те болған көрінеді. Содан түлектердің бірі қатты мас болыпты. Кеште ол ашуланып, кәуап пісіруге арналған темір істікті әрі-бері сермеуге кірісіпті. Ал 17 жастағы Әліби қыздардың бірін қорғап, ашулы жігітті сабырға шақырмақ болған. Сол сәтте сыныптасы қолындағы темірді оның жүрек тұсына сұғып алыпты.

Айдаркүл Қыдырова, марқұмның нағашы әжесі: – Коттеджге барған. Қасына ешкім бармаған ау, мұғалімдерден де, ата-аналардан да бармаған. Далада шу шыққан кезде бұл шыққан. Ешқандай бала қалмаған дейді, бәрі бытырап жан‑жаққа кеткен. «Қолына шпор ұстап жүр» дейді ғой, енді шашлык істеген де, соның шпорын ұстап жүр. Бұл мен оны көндірейін, әйтеуір қатар жүрген бала ғой, бірге жүрген, көнер деген ғой. Сол кезде жүрек тұсынан тыққан. Жүрек тұсынан тығып, қайтып суырып алған дейді.

Түлектер дереу жедел жәрдем шақырған. Алайда олар келгенше жігіт көз жұмыпты. Қырғауылды ауылындағы орта мектеп әкімшілігі оқушылардың коттедж жалдап, соңғы қоңырауды тойламақ болғанын «мүлдем білмедік» деп отыр. Сынып жетекшісі де бейхабар көрінеді.

Қазір бұл қанды оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Ал сыныптасын шампурмен өлтірген күдікті қамауға алынған. Оның ата-анасы да әкімшілік жауапқа тартылды. Қыршыннан қиылған Әліби Қадыр үйінің үлкені әрі жалғыз ұлы екен. Марқұмды жақындары кеше ақтық сапарға шығарып салған. 11 сыныпты тәмәмдаған жігіт әскери оқуға түсуді армандап жүріпті. Кейбір деректерге сүйенсек, жалдамалы үй экс-прокурорға тиесілі. Ол осы көшенің бойындағы бірнеше коттеджді сатып алған көрінеді әрі оны үнемі жалға береді дейді көрші-қолаң.

Сурет: Видеодан кадр

Бүгін, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
Бүгін, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста