jasqazaq.kz

Шамадан тыс несие алуға жол бермеудің тиімді жолы – жұмыс орындарын ашу

31 қазан 2023, 12:11


Үкімет отырысында Әлихан Смайылов халықтың шамадан тыс кредит алуы үлкен әлеуметтік-экономикалық түйткілге айналып бара жатқанын айтты.
«Кейбір азаматтар мерзімі өтіп кеткен кредиттерін жабу үшін одан да жоғары пайызбен жаңа кредиттер алады. Осылайша, шектеусіз кредит алып, қарызға белшесінен бата береді. Ал банк кредит беруден бас тартқан жағдайда, олар пайыздық үстемесі өте жоғары микроқаржы ұйымдарына жүгінеді. Осылайша, адамдар қаржылық сауатсыздықтың кесірінен жағдайын қиындата береді», — деді Әлихан Смайылов.
Бұл мәселені шешу мақсатында Мемлекет басшысы «Қарызсыз қоғам» жобасының ауқымын кеңейтуді тапсырғанын айтты.
Жоба халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың кредиттер бойынша проблемалық берешектерін реттеуде және жұмысқа орналасуда консультациялық көмек беруге бағытталған.
Қазірдің өзінде Қазақстанның 8 өңірінде 45 мың адам қаржы сауаты негіздері бойынша білім алды.
2023 жылдың соңына дейін 60 мың азаматты қамту жоспарлануда.
«Алдағы 3 жылда 550 мың оқушы мен студентті қаржылық сауаттылыққа оқыту, мектептер мен жоғары оқу орындарының 8 мыңнан астам оқытушысын даярлау, банктер мен микроқаржы ұйымдарының 200 мың қарыз алушысына көмек көрсету жоспарланып отыр. Барлық жауапты мемлекеттік орган мен әкімдік «Қарызсыз қоғам» жобасындағы іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуі қажет», — деді Премьер-Министр.
Үкімет басшысы халықтың шамадан тыс несие алу мәселесінің ұтымды шешімі жаңа өндірістер мен тұрақты жұмыс орындарын құру екенін айтты.
«Бұл халықтың табысын арттыруға және кредит алуын төмендетуге барынша оң әсер етеді. Осыған байланысты жауапты мемлекеттік органдар мен әкімдіктер жоспарланған инвестициялық жобаларды, әсіресе шикізаттық емес секторларда іске асыруды жеделдетіп, жаңа жобаларды пысықтауы тиіс», — деді Үкімет басшысы.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде