jasqazaq.kz

Шахтинск жастары «Таза Орман» акциясына қатысты

12 тамыз 2024, 17:38

Қарағанды облысының тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын белсенді қолдап жатыр. Шахтинск қаласында автомобиль жолының бойындағы орман белдеуі ретке келтірілді.

«Таза орман» акциясына еріктілер, спортшылар, «Жасыл ел»жасағы қатысты.

Шахтинск орман алқабының ауданы – 722 гектар. Бұл қала тұрғындарының демалуға және спортпен шұғылдануға арналған сүйікті орны. Дегенмен, өзінен соң қоқысты тазалап жүруге екінің бірі дайын емес. Қала және оған іргелес кенттер жастарының бастамасымен орманды тазарту және ағаш егу бойынша тұрақты акциялар өткізіледі.

«Орман – кез келген өңірдің, қаланың халқы үшін қолайлы ортаның негізгі құрамдас бөліктерінің бірі. Бүгінгі таңда біздің міндетіміз – тұрғындардың табиғатқа қатысты дұрыс ойлауы мен мінез-құлқын қалыптастыру, практикалық дағдыларды игеруге мүмкіндік беру», – дейді Шахтинск қаласының «Жастар ресурстық орталығы» басшысының міндетін атқарушы Алексей Варзаев.

Шахтинск қаласында «Таза Қазақстан» акциясы басталғаннан бері 100-ден астам еңбек ұжымы мен 10 мыңға жуық тұрғын қатысты. Осы уақыт ішінде 15 мың тоннадан астам қалдықтар шығарылды, саябақ, алаң, ескерткіштер аумағы тазартылды, мыңнан астам көшет егілді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі