jasqazaq.kz

Шахмат мектеп бағдарламасына енгізіледі

05 маусым 2023, 14:49

Қазақстанда шахмат спортын дамытудың жол картасы әзірленіп жатыр. Мұны Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова мәлім етті. «Біз 2016 жылы Қазақстанда 2-4 сынып оқушылары арасында шахматты үйрету бағдарламасын жүзеге асырған едік. Алайда, пандемия кезінде бұл жобамыз тежелді. Қазіргі таңда бұл бағдарламаны қайта бастап қолға алып отырмыз. Яғни, біз енді 1-4 сыныптар арасында шахмат ойнауды үйретуді мектеп бағдарламасына енгізуді мақсат етіп отырмыз. Қазір шахматты дамыту жол картасы дайындалып жатыр. Биыл қыркүйек айынан бастап 30-ға жуық мектепте бағдарлама пилоттық жоба ретінде іске қосылады», — деді Гүлмира Дәулетова. Бүгінде елімізде 7 мыңға жуық шахмат үйірмесіне балалар барады.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі