jasqazaq.kz

Шахкерім Кәрмен: «Ұлым» демейтін әкелер болса да, «Елім» дейтін ұл туады

11 қыркүйек 2023, 12:42

Тележүргізуші Шахкерім Кәрмен әнші Садраддин Болаттың «Түн» әнінің сөзіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы тележүргізуші әлеуметтік желіде жариялады.

«Садраддинның «Түн» әніндегі «әке жайлы айтпаймын қозғамаймын өлең де» деген сөзі романда баяндап жеткізе алмайтын адам өміріндегі үлкен трагедияны екі сөзбен жеткізіп тұрғандай. «Ұлым» демейтін әкелер болса да, «Елім» дейтін ұл туады дегенменен. Елестетіңізші, 10 мың адам осындай ұлымыз бар деп мақтанып тұрды. Жаратқан ием жар болсын! Тілектеспін. Еркектерге, балаңыз өлеңге қосатындай өмір сүріңіз. Әйелдерге, балаңыз осындай болатындай өмір сүріңіз!», — деп жазды ол.

Тележүргізушінің бұл жазбасына халықтың пікірі екі бөлінді.

«Әкені қалай жақсы көрмеуге болады екен, осындайда мен үшін өте түсіну қиын, осыған жеткізетін әкелерді тем более түсіне алмаймын. Өз перзентің осылай десе адам ба ол адам емеспа …? Не, қалай … сонда?»,
«Мәәәә недеген сөз, әке жайлы қозғалмайтын өлеңдер, осы заманның бейғам уайымсыз бала шағасын әйел мойнына артып қойған еркектерге арналған екен, Садраддин дұрыс айттын ол кісіден жас кезде мейірім мен шапағат көрмесең үлкейген кезде не керек, қазіргі қоғамдағы отбасы ажырасу барысында баланы айелмен тастап бүкіл кінәні әйелге арту арқылы отбасы шығынынан қашып, сол тапқан ақшасын басқаларға жаратып жүрген еркектер тыңдаңдар, балаң өсуде ертең сенде қартаясың күшің кетеді балаң сол кезде сені ит құсап тастап кетсін», «Әрбір әнінде мағына бар», «Өте орынды дәл менің ойымды жеткіздіңіз», — деп жазды желі қолданушылары.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі