Желі оқырмандарының арасында танымал тұлғаларға түрлі жағымсыз пікірлер, кейде былапыт сөздер айтып әдептен әрі асатындар жетерлік. Алғашқыда эстрада еркелері бұған көз жұма қарайтын. Тек шыдамдары әбден таусылса керек-ті. Олар енді шектен шыққандарды сотқа бере бастады.

Сондай желі оқырмандарының бірі әнші Шахизада Байпатшановаға былапыт сөздер жазған. Әнші оны сотқа беремін деп қорқытты ма әлде бойжеткен із кінәсін өзі түсінді ме, ол жағы белгісіз. Әйтеуір Дидар Телегенқызы есімді желі оқырманы одан кешірім сұрап, видео жолдады. Оны әнші өзінің желідегі парақшасына жүктеп қойды.
“Артық кетсем, Алланың алдында өзім жауап беремін, ал сіз мені кешіре гөріңіз”, – дейді бойжеткен өз жолдауында.
https://www.instagram.com/p/BQpPfOTALpD/?taken-by=shakhizada_art