jasqazaq.kz

Шахизада Шәкенова: Мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы орта қалыптастыру тек инфрақұрылыммен шектелмейді

17 шiлде 2025, 15:07

 Еліміздің үшінші мегаполисінде мүгедектігі бар балаларға инклюзивті білім беру саласында соңғы жылдары  бірталай жұмыс атқарылды. Соның ішіндегі маңыздысы — олардың жүріп-тұруы қолайлы болуы қамтамасыз етілді. Шымкент қалалық білім басқармасының жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы Шахизада Шакенова айтқандай, осындай оң өзгерістерге қол жеткізу мақсатында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры «Табалдырықтан табалдырыққа дейінгі қолжетімді орта» атты қайырымдылық жобасын іске асырып келеді.

— «Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры оәлгіндей жоба шеңберінде қандай жұмыстар атқарды?
— Қор тарапынан Шымкент қаласындағы 25 мектепке 50 шынжыр табанды көтергіш орнатылды. Бұл білім беру мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі балалардың қозғалысын оңайлатқанын айтқан жөн, яғни әр мектепке екі бірліктен 50 шынжыр табанды көтергіш орнатылды. Сонымен қатар көтергіш орнатылған ғимараттарда пандустар мен арнайы белгілер жаңартылды. Мектеп ішіндегі қозғалысты жеңілдету үшін кең есік ойықтары мен бейімделген санитарлық тораптар да қарастырылған.

– Өзіңізге белгілі, қазір цифрландыруға айрықша мән беріледі. Білім беру жүйесін цифрландыру қалай жүзеге асырылып жатыр?
– Әлбетте, білім беру жүйесін цифрландыру – инклюзивті ортаны тиімді басқарудың тағы бір маңызды бағыты. Осы орайда, 2025 жылдың бірінші тоқсанында «Цифрлық ұстаз» жобасы аясында Шымкент қаласындағы 24 мектептің ішінде 4 мектепке директордың ақпараттандыру ісі жөніндегі орынбасарлары тағайындалды. Ал қалған 20 мектепте бұл функцияны оқу ісі жөніндегі орынбасарлар атқаруда.
Аталған жоба аясында тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 8-11 сынып оқушыларына арналған қолдау шаралары іске асырылып отыр. Таратып айтқанда, 2024–2025 оқу жылының бірінші және екінші тоқсанында оқушылар EduCon онлайн платформасы арқылы математика, физика, химия, биология және «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша тестілеуден өтті. Бұл нәтижелер 3-ші тоқсандағы тоқсандық және жиынтық бағалау көрсеткіштерімен салыстырмалы түрде сарапталып, оқушылардың білім сапасына кешенді талдау жүргізілді.
— Әңгімеңізге рахмет! 

Мөлдір Кенжебай,

Шымкент

 

 

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды