jasqazaq.kz

Шаһарда жас спортшыларға үлкен үлкен мүмкіндіктер жасалуда

28 маусым 2023, 11:52

Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Халық қатысатын бюджет» жобасы тиімді іске асырылып жатыр. Оның ауқымын кеңейтіп, жобаға аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарды тарту керек. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы қаржысының кемінде 10 пайызы қайда жұмсалатынын қоғамның өзі айқындауға тиіс, деген болатын. Шымкент қаласында аулаларды абаттандыру, көгалдандыру мен балалар ойын алаңшасын салу секілді мәселелер халықтың ұсынысымен жүзеге асып жатыр.

Ең алдымен қаламызда елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Әсіресе, тұрғындар мен балалардың салауатты өмір салтын ұстануына қолайлы жағдайлар қарастырылып келеді. Мәселен, Қаратау ауданында қазіргі таңда 7 ашық спорт алаңшасы, атап айтқанда, Тұран шағын ауданында – 2, Нұртас шағынауданында – 2 спорт алаңша, Таскен тұрғын алабы, Өтеміс тұрғын алабы және Шапырашты тұрғын алабында 1 спорт алаңша жуырда тұрғындардың игілігіне берілетін болады.
Аталған спорт алаңшаларда демалуға арналған орындықтар, қоқыс жәшіктері орнатылады. Сондай-ақ, ересектер үшін дене шынықтырумен айналысуға да мүмкіндік бар. Жаттығуға арналған Workout элементтері спортпен белсенді түрде айналысуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда, аудан аумағында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 34 балалар ойын алаңшасының құрылысы басталды.
Ал Әл Фараби ауданында биыл 39 аулаға балалар алаңшасы салынып, қажетті спорттық құрылғылармен қамтылады. Сонымен қатар, ауданға қарасты Сәуле шағынауданында 2 ашық спорт алаңшасы салынып, пайдалануға беру жоспарланған.
«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында Абай ауданында өткен жылы 32 жоба тұрғындар тарапынан ұсынылып, 5 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары абаттандырылып, жеке секторда 27 кешенді спорт және балалар ойын алаңшалары құрылған болатын. Биылғы жоспарда 2 көпқабатты үй ауласы және 16 кешенді спорт және жеке секторда балалар ойын алаңшаларын құруға қажетті қаржы қаралып, мердігер мекеме анықталуда.
Атап өтетін жайт, орнатылатын спорт және ойын элементтерінің басым бөлігі Шымкенттегі кәсіпорында өндірілген отандық өнімдер.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі