jasqazaq.kz

Шағынаудандардың тынысы кеңейеді

16 мамыр 2023, 11:18

Статистикалық мәліметтер бойынша, Шымкент халқының саны 1 млн 200 мыңға жуықтады. Халық қолайлы өмір сүруде жаңа мектептер мен балабақша, емхана, көлік жүйесі мен инжинерлік инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету үшін бесінші ауданды құру қажеттілігі туындап, Тұран ауданы құрылды. Жаңа ауданның құрылуына байланысты бірқатар өзгерістер орын алды.

Қазіргі таңда қаладағы Абай, Еңбекші, Әл-Фараби және Қаратау аудандарының аумақтарына да өзгеріс енгізіліп, бірқатар шағынаудандар жаңадан құрылған Тұран ауданының аумағына өтті.

–Жаңадан құрылған Тұран ауданында халық саны – 220,7 мың. Аумағы 36,3 мың гектар, яғни шаһардың 32 пайызын құрап отыр. Ауданға қазір 21 елді мекен кіреді. Осы елді мекендердің 16-сы Абай ауданынан бөлініп отыр. Олар: Арғымақ, Ақжар, Айкөл, Ақтас, Ақтас-2, Агропром, Жаңаталап, Қазығұрт, Құрсай, К.Маркс, 112 орам, Нұршуақ, Самал -1, №3, №4 және №8 шағын аудандары кіреді. Ал Наурыз, Отырар, Спорт, Кіші Самал және Түркістан шағынаудандары Әл-Фараби ауданынан қосылды, — дейді аудан әкімі Б.Булатбеков.

Аталған өзгерістер өзге аудандарға қатысты болып отыр. Мәселен, бұрынғы Қаратау ауданына қарасты Достық, Ақжайық, Қайнарбұлақ (саяжайы), Асар-2, Асар, Шым-сити, Бозарық шағынаудандары енді Абай ауданына қосылды. Ал, Қаратау ауданынан Еңбекші ауданына Шапағат, Мирас-2, Солтүстік-Шығыс және Тараз шағынаудандары өтті.
Сонымен қоса, Еңбекші ауданындағы Теріскей, Сайрам, №15, 16, 17, 18, 11 және Күншығыс, Шымкентстрой шағынаудандары енді Әл-Фараби ауданы аумағына енді. Ал Еңбекші ауданы Қаратаудағы Исфиджап, Орманшы тұрғын алабтары мен Азат шағынауданы, Әл-Фарабиден 195 ораммен толығып отыр.

–Қазір ауданда жалпы 533 орталық және ішкі орамдық көше мен 39 357 тұрғын үй бар. Оның ішінде 526-сы көпқабатты үй. Сонымен бірге, 25 мектеп, 18 балабақша, 6 колледж, 6 денсаулық мекемесі және 5 саябақ орналасқан. Ауданда инфрақұрылым жүйесін оңтайлы шешу үшін 9 секторға бөлінді, — деп атап өтті Боранбай Нығметұлы.

Жыл басталғалы Тұран ауданы әкімдігі жұмыстарын бастап кетті. Елді мекен тұрғындарымен кездесу, оларды толғандырған мәселені тыңдап, шешімін табуға атсалысу да негізгі міндеттің бірі. Б.Болатбеков бүгінге дейін Қазығұрт, Құрсай және Ақжар шағынаудандарында болып, тұрғындарды толғандырған мәселелерді зерделеуде. Аудан әкімінің сөзінше, құрсайлықтар мемлекеттік жүйедегі электр қуатын тағатсыздана күтіп отыр.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі