jasqazaq.kz

Шағын дүкен мен шаштараз ҚҚС төлемейді

09 сәуiр 2025, 12:16

Бүгін Мәжілістің жалпы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин үй жанындағы дүкендер мен шаштараздар қосылған құн салығын төлемейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Вице-премьердің айтуынша, орта және шағын бизнеске арналған арнаулы салық режимі оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі деп аталады. Кіріс лимиті 600 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде қалады. Қызметкерлер саны бойынша шектеу алып тасталады. Мөлшерлеме — 4%, дегенмен мәслихаттар 50 пайызға дейін төмендетуі мүмкін.

Серік Жұманғарин: «Үкімет режимді тек белгілі бір қызмет түрлеріне қолдануды ұсынды және басты шарт – тек B2C операциялары. Бұл ретте В2В операциялары арнаулы режим аясында ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Егер жалпыға бірдей белгіленген режимде жұмыс істейтін салық төлеуші тауарды немесе қызметті «арнаулы режимшіден» сатып алса, онда оның мұндай шығындарды шегеруге құқығы жоқ. Қызмет түрлерінің санын Үкімет реттейді. Осылайша, «үй жанындағы» дүкендер, шаштараздар және халықпен жұмыс істейтін кәсіпкерлер осы шарттарға сәйкес келеді және қосылған құн салығын төлеуші болмайды. Оларға қорқудың қажеті жоқ», — деді.

JQ-Aqparat
Фото: ortalyq.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі