jasqazaq.kz

Үш кило есірткі қанша тұрады?

15 ақпан 2017, 18:06

Астанаға есірткі тасымалдаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды.

Астана қалалық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 14 ақпанда елорда аумағына есірткі заттарын тасымалдаумен айналысатын қылмыстық топты ұстады.

Tengrinews.kz хабарлағандай, есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Талғат Сейілхановтың айтуынша, Ақкөл қаласында осыған дейін есірткіні заңсыз сатқаны үшін сотты болған қылмыстық топтың ұйымдастырушысы мен басшысы 1975 жылғы азамат ұсталды. Одан 3 келі 835 грамм героин тәркіленді.

«Сондай-ақ, осы уақытта Астана қалалық полицияның қызметкерлері осы ұйымның тағы екі сыбайласын ұстады — 1980 жылғы және 1977 жылғы азаматтар. Олардан 80 граммнан аса героин тәркіленді», -деді Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

«Ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 218-бабы («Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)», 262-бабы («Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу»), 296-бабы («Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу») және 297-бабы бойынша («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу») қылмыстық іс қозғалды», — деді баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта ұсталғандар Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде