
Қайғылы оқиға Жамбыл облысының Сарысу ауданындағы Жаңатас қаласында болды, деп хабарлады Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі.
«24 шілде күні 11:32-де Жаңатас қаласындағы жеке үйдің ауласында тереңдігі 2,5 метр жаңадан қазылған шұңқырға топырақ құлап, 18, 40 және 41 жастағы үш азамат қаза тапты», — деп жазылған хабарламада.
Бір сағаттан кейін Сарысу аудандық ІІБ және ТЖ бөлімі, өрт сөндіру жасағының 4 қызметкері дәретхана шұңқырынан мәйіттерді шығарды. Апаттық-құтқару жұмысына 20 адам және 6 техника жұмылдырылды.