jasqazaq.kz

Серік Жұманғарин ұлттық экономика министрі болып тағайындалды

21 желтоқсан 2024, 16:49

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Серік Жұманғаринді Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі етіп тағайындады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Мемлекет басшысы 21 желтоқсанда қол қойған Жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.

Сондай-ақ Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі лауазымына Серік Мақашұлы Жұманғариннің кандидатурасы келісілді.

Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық экономика министрлігі ұжымына ведомствоның жаңа басшысы Серік Жұманғаринді таныстырды.
Олжас Бектенов Нұрлан Байбазаровқа вице-премьер – ұлттық экономика министрі ретінде атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, алдағы қызметіне табыс тіледі.
Серік Жұманғаринді таныстыру кезінде Премьер-министр ведомствоның алдағы кезеңге арналған басым міндеті – Мемлекет басшысының экономиканың серпінді өсімін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау екенін  айтты. Бүгінгі таңда экономика тұрақты өсу үрдісін көрсетіп отыр. Экономиканы құрылымдық өзгерту, бюджет, салық саясатының тиімділігі мен бюджеттік параметрлерді болжау деңгейін арттыру жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Бұдан басқа, басым салалардағы экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін ұлттық экономика министрлігі бизнесті қолдаудың теңгерімді саясатын және тарифтік реттеудің салмақты саясатын жүргізуі қажет.
JQ-Aqparat

Сурет: primeminister.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі