jasqazaq.kz

Серік Жұманғарин: Санкцияны қолдамаймыз, бірақ талапты орындаймыз

05 маусым 2024, 20:00

 

Қазақстан Батыс елдерінің Ресейге салған санкциясын қолдамайды. Бірақ оның талаптарына құлақ асады. Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин осы мәселе бойынша еліміздің ұстанымын білдірді. Оның айтуынша, Қазақстан экономикалық шектеулерді енгізген коалицияға қосылмайды. Сондай-ақ біржақты санкция саясатын да қолдамайды. Өйткені АҚШ пен Еуроодақтың терістік көршімізге енгізген шектеулерінен кейін логистика және сауда тізбектері үзіліп қалды. Бірақ ел мүддесін ескере отырып, санкция талаптарын орындайды. Бұл экономикалық тұрғыдан тиімді. Біздің экономикамыз шағын болғандықтан санкция қысымына төтеп беруіміз екіталай. Сондықтан еліміздегі тиісті құрылымдар тікелей АҚШ және Еуроодақпен жұмыс істеп жатыр.
С. Жұманғарин, сонымен қатар, сындарлы санкция саясатының арқасында ешкімге есе жібермей отырғанымызды тілге тиек етті. Бұған еліміздің көпвекторлық саясаты ықпал еткені анық.
Айта кеткен жөн, Батыстың алпауыт компанияларының Қазақстанда аса ірі инвестициялық жобаларды іске асырып жатқаны да санкция «салқынын» сезбеуде маңызды рөл атқарып отыр.
JQ-Aqparat

Сурет: zakon.kz

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі